100 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болды

20 Шілде 2023, 18:10
610
Бөлісу:
100 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болды
Фото: Арман Мухатов - архив

2023 жылғы 1 шілдеде 517 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Еңбекмині баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 98,8 мың отбасындағы 517,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 67,3 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. 

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,9 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Өзгелердің жаңалығы