Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда 100 мыңнан астам отбасының табысы күнкөріс минимумынан төмен

13 Наурыз 2019, 11:17
2788
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың IV тоқсанында табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасылардың саны 113,9 мыңды құрады. Бұл жөнінде ТАСС порталы хабарлады. 

Бұл көрсеткіш 2018 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 10% төмендеді. 

Кедейлік шегінле тұратын қазақстандықтар саны 678,2 мың адамнан асып кетті, ал 2018 жылдың І тоқсанында ол 745 мың адамды құраған. 

Табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың жалпы үлесі 3,7% құрады. Жыл басында бұл үлес 4,1% құраған. 

Табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдардың басым бөлігі Түркістан (190,4 мың адам) және Алматы (68 мың адам) облыстарында тұрады. 

Сонымен қатар, ШҚО-да бұл көрсеткіш 62,7 мың адамды, Жамбыл облысында – 47,6 мың адамды, Қызылорда облысында – 34,2 мың адамды, Алматыда – 33,3 мың адамды, Маңғыстау облысында – 28,6 мың адамды, Павлодар облысында – 27,3 мың адамды, Қарағанды облысында – 23,6 мың адамды, Қостанай облысында – 23,4 мың адамды құрады.

Өзгелердің жаңалығы