Бас прокуратура некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлаудың заңмен тыйым салынған қылмыс екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚР ҚК-нің 125-1-бабы – "Некеге мәжбүрлеу"бабы қолданысқа енгізілді.
Некеге мәжбүрлеу және адам ұрлау — заңмен тыйым салынған қылмыс. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚК-нің 125-1-бабы қолданыста. Некеге немесе бірге тұруға мәжбүрлеу, сондай-ақ осы мақсатта адам ұрлау үшін 7 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайларда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жәбірленушіні босату жауаптылықтан босатпайды. Неке тек ерікті келісіммен жасалады, - делінген хабарламада.