10 жылда алғаш рет. Алматыда өткелдер жөнделіп жатыр

18 Маусым 2024, 14:30
364
Бөлісу:
10 жылда алғаш рет. Алматыда өткелдер жөнделіп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

10 жылда алғаш рет Сайын және Райымбек батыр көшелеріндегі өткелдер жөнделіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы Сайын және Райымбек көшелеріндегі жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің күрделі жөндеу барысын тексерді. Бұл өткелдер 10 жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген.

Мұнда қыста да тоқтаусыз жұмыс істейтін аязға төзімді тік көтергіштер орнатылады. Жарықтандыру бағаналары мен су ағатын құбырлар ауыстырылады, сәулеттік жарықтандыру жүргізіледі. Жұмыс жаздың соңында аяқталады.

Қауіпсіздікті арттыру үшін бейнебақылау камералары көбейеді, олардың сигналы бірден полицияның Жедел басқару орталығына жіберіледі.

Әкімнің тапсырмасымен мүгедектігі бар адамдар Onay көлік картасы арқылы лифтті пайдалана алады. Сондай-ақ, қала басшысының нұсқауымен мұндай өткелдерді болашақта жаңарту үшін үлгілік жоба әзірленеді.

Өзгелердің жаңалығы