Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 желтоқсан күні республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. ҚР солтүстігінің кей жерінде көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумағында көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде 21 градусқа дейін қатты аяз сақталады.