10 жасар жазушы Қарағанды туралы кітабын таныстырды

19 Маусым 2024, 18:30
489
Бөлісу:
10 жасар жазушы Қарағанды туралы кітабын таныстырды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасында 10 жастағы қарағандылық Платон Нечаев жас оқырмандарды өз кітаптарымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол шығармаларында Қарағанды туралы баяндап, өзінің ерекше кейіпкерлері мен фантастикалық элементтерді сюжеттеріне арқау етіп жазады.

Платон өзінің "Тереңнен шыққан от", "Қараған туралы аңыз" және "Олимпиадалық арманға апарар жол" кітаптарына авторлық құқық алды. Жас жазушының қаламынан тереңдіктен от алған, зұлым рухтармен күрескен, достарымен бірге туған жерге деген шынайы және адал достық пен сүйіспеншілік керемет игіліктер сыйлайтынын дәлелдеген кішкентай және батыл шопан Әппақ туралы әңгімелер бар. Кітаптарда сиқырлы ағаштар адамдарға қала салуға көмектеседі, Барыстар мен протезі бар ақбөкен өздерінің олимпиадалық арманына ұмтылады.

Платон өз шығармаларының иллюстрацияларын жасанды интеллект арқылы жасайды.

Менің кітаптарым Аппақ Байжанов, қараған ағашы және Олимпиада ойындары туралы. Олардың ішіндегі ең үлкені – "Олимпиадалық арманға апарар жол", мұнда 60-тан астам бет және 50-ге жуық иллюстрация бар. Бірінші кітапты анам дайындауға көмектесті, қалғандарын өзім. Барлық мәтінді мен жаздым. Болашақта Қазақстанның әр саласы туралы осындай кітаптар жазғым келеді. Бірақ алдымен тарихты зерттеу керек, – дейді автор.

"Тереңнен шыққан от" және "Қараған туралы аңыз" қазақ тіліне аударылды, қазір "Олимпиадалық арманға апарар жол" кітабын аудару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ француз тіліне аударма болады.

Туған өлке тарихын сүйетін жас жазушы осы жылдың тамыз айында Астана мен Парижде кітаптардың тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр. Француздар баланы кездесуге бекер шақырған жоқ: биыл олар жазғы Олимпиада ойындарын өткізеді, ал жас жазушының кітаптарының бірі осы үлкен жарыстарға арналған.

Өзгелердің жаңалығы