10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

10 Қыркүйек 2020, 08:36
1465
Бөлісу:
10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.

Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймағында түнде 1-3 градус үсік, Қостанай облысында түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау облысында, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерінде, Ақтөбеде және Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы