10 тамыз – Абай Күні

10 Тамыз 2022, 07:41
2656
Бөлісу:
10 тамыз – Абай Күні

Бүгін қазақстандықтар Абай Күнін атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл дата 2020 жылы Қазақстанның мереке күндерінің күнтізбесіне енгізілген болатын. 

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы осыдан 176 жыл бұрын өмірге келген. Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, данұшпан-ойшыл, хакім Абайдың қай күні дүниеге келгеніне байланысты кереғар пікірлер көп. Бірі ұлы ақынды 10 тамызда дүниеге келген десе, енді бірі 23 тамызда туған деген пікір айтады. Дегенмен ақын ескі жыл қайыру бойынша 10 тамызда туған.

Биыл ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 177 жыл. Облыс орталығында осы күнге дейін автордың шығармаларын бір уақытта орындау, көрмелер, сондай-ақ әдеби қонақ бөлмелер ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы