Қазақстанның соңғы жаңалықтары

10 шетел азаматы шекараны құрылыс материалдарының арасында өтпек болған

26 Қараша 2025, 09:22
325
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.

Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы