"10 рет пышақ сұққан": Алматыда әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

25 Қыркүйек 2024, 10:46
2964
Бөлісу:
"10 рет пышақ сұққан": Алматыда әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
Фото: - архив

Сот үкімімен Әл-Бейне Зарипованың бұрынғы күйеуі қасақана кісі өлтіргені және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сабыржан Зарипов 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ ол 20 миллион теңге моральдық шығынды өтеп, ұрлап алған 4,7 миллион теңгені қайтаруы қажет.

Еске салайық, 31 қаңтарда 43 жастағы Әл-Бейне Зарипованың мәйіті үйдің жертөлесінен табылды. Іс-материалдары бойынша, Сабыржан Зарипов оған 10 рет пышақ жарақатын салып өлтіріп, артынша телефонынан өз шотына 4 миллион 700 мың теңгені аударып алған. Содан соң барлық құжатты алып, 12 жасар қызын өз әпкесінің үйіне апарып тастаған. 

Өзгелердің жаңалығы