Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 2021 жылдың 10 айында 11,6 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысына елімізде шамамен 1,9 млрд теңге жұмсалды.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп. Оның ішінде 32 430 жеке үй, 1032 көппәтерлі үй пайдалануға берілді.
Барлық меншік нысанындағы ұйым 98,9 мың баспана салды. 2021 жылдың 10 айында тұрғын үйдің 1 м2 құрылысына жұмсалған орташа нақты шығын 3,6%, оның ішінде халық салған баспана бойынша 6,6% өсті.