Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Қазақстандағы жастар саясаты: өзекті проблемалар мен даму болашағы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел кезінде Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев студенттік жатақхана мәселесіне тоқталды.
Студенттік жатақханалар бойынша мәселелер әлі де бар. Елімізде барлығы 170 мыңға жуық студент жатақхана орындарымен қамтамасыз етілген, - деді депутат.
Оның сөзінше, елімізде 1,1 млн-ға жуық студент бар.
Тапшылық 80 мың орынды құрайды. 2018 жылы Елбасының 2022 жылға дейін студенттерді қосымша 75 мың жаңа орынға арналған жатақханалармен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. 3 жылдың қорытындысы бойынша жатақханалардың барлығы 12 мың жаңа орынды ғана құрап отыр. Яғни қалған 10 айда 58 мың жаңа орын салу қажет. Бұл тапсырма орындалады дегенге үмітіміз жоқ, - деп айтты ол.
Елнұр Бейсенбаевтың сөзінше, бұл мәселені ерекше бақылауға алып, апатты жағдайдағы студенттік жатақханаларды қайта құру және жөндеу бойынша шаралар қабылдау қажет.
Қоғамды тарта отырып, студенттік жатақханалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу керек. Сондай-ақ, пандемия, яғни студенттердің өз үйлерінде жүрген уақытын барынша пайдаланып, құрылысты аяқтауымыз қажет, - деп атап өтті ол.