Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 27 ақпандағы ақпаратты жариялады.
27 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам коронавирус инфекциясынан (13 523 КВИ+ және 6 757 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 380 пациент стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 253 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.