Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, 1 қыркүйекте Қазақстан аумағынан атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Республиканың кей жерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанның кей бөлігінде ғана тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақтан облысының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі.
Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Күндіз Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Батыс Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде, Павлодар облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.