1 тонна балық тәркіленді

9 Сәуір 2019, 16:58
2261
Бөлісу:
1 тонна балық тәркіленді

Алматы облысы, BAQ.KZ. Алакөл ауданының аумағында ірі көлемде балық тиеген екі автокөлік тоқтатылды. Оның бірі аудан орталығы Үшарал қаласының маңында тәртіп сақшылары арнайы іс-шара барысында көлігіне ірі көлемде балық балық тиеген жергілікті тұрғынды анықтады.

Екінші дерек Алакөл көлінің маңында тіркелді. Көлігіне жарты тоннадан астам «табан балық» тиеген жүргізуші полицейлерге браконьерлік тауарды қайда алып бара жатқанын түсіндіре алмады.

«Екі дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілердің балықты аулауға және оны тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ. Бірінші көліктен 200 килограмға жуық балық, ал екінші көліктен 783 кило балық тәркіленді. Осы екі дерек бойынша мемлекетке келтірілген материалдық шығын есептеліп, оны өтеу мәселесі қарастырылуда»,- деп атап өтті облыстық Табиғат қорғау полициясының өкілі полиция капитаны Бағлан Рымтаев.

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, тәркіленген балықтар тиісті қабылдау орындарына өткізіліп, түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады.

«Алматы облысында полицейлер жыл басынан бері еліміздің табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 411 дерегін әшкерелеген. Оның ішінде 284 дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылса, 127 дерегі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалған. Сексеуіл ағашын шауып, табиғи байлыққа қол салған 111 адам, заңсыз балық аулаған 8, аңшылық жасаған 6 тұлға анықталды»,- деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы