1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  1 Тамыз 2023 2023, 12:14
1 Тамыз 2023 2023, 12:14
1257

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.

Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды.

Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.

Наверх