Жасөспірім мотоциклде 1-сынып оқушысын қағып кетті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қыркүйек күні сағат 20:10-да Қобда ауылында кәмелет жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі – 9-сынып оқушысы бірінші сынып оқушысын қағып кетті.</h4>

17 Қыркүйек 2019 2019, 22:15
АВТОР
 17 Қыркүйек 2019 2019, 22:15
17 Қыркүйек 2019 2019, 22:15
2096

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қыркүйек күні сағат 20:10-да Қобда ауылында кәмелет жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі – 9-сынып оқушысы бірінші сынып оқушысын қағып кетті.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Әбілхайыр көшесіндегі 41 үйдің жанында бірінші сынып оқушысын қағып кетті. Салдарынан оқушы жарақат алып, Қобда ауданының орталық ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада. 

Полицейлер ата-аналардан кәмелет жасқа толмаған балалардың көлікке отырмауын қадағалауды сұрайды.

Наверх