Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының мектептерінің бірінде бірінші сынып оқушысы 2-қабаттан құлап кетті.
Оқиға 10 қыркүйек күні болған. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала №80 мектептің 2-қабатынан құлап кеткен.
Оқушыны бірден реанимация бөліміне алып келген. Кейін травматология бөліміне ауыстырған.
«Алты жасар баланы көпдисциплинарлы бригада қарап, тексеріп шықты. Балаға қосарлы жарақат, бас сүйек-миы зақымданып, миы шайқалған деген диагноз қойылған. Сонымен қатар оның көкірек қуысы жарақаттанған, көкірек қуысы мүшелері зақымданған. Баланың жағдайы қазір тұрақты», - деп хабарлады ведомствода.