1 сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады

29 Наурыз 2021, 15:01
2636
Бөлісу:
1 сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сәуірдің бірінде 2020 жыл үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады. Бұл туралы  Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды әкімшілендіру және арнайы салық режимі департаментінің директоры Азамат Садықов азаматтарды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ескертті.

Оның айтуынша, осымен екінші жыл қатарынан комитетте салық төлеудің интеграцияланған мәліметтер базасы жасақталған. Сол жерде салықтың көлемі белгіленеді. Ол өткен жылдан бері базада есептелген ақпарат «Е-Salyq – Azamat» электрондық салық әмиянына жіберілетінін атап өтті.

Бұл қосымшаны мобильдік телефонға жүктеп алуға болады. Ол үшін салық төлеушінің телефон нөмірі тіркелген болуы тиіс. Қосымшаға ЖСН нөмірін теріп, тіркелген кезде көлік құралына қанша салық төлеуі керек екені сол жерде автоматты түрде шығып тұрады. Бұрынғыдай салық органдарына барып, есептетудің қажеті жоқ, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар «Е-Salyq – Azamat» қосымшасында салықты сол жерде көрсетілген реквизиттер бойынша бірден төлеуге болады.

Бірер күннен кейін, яғни бірінші сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады. Салық төлеуші барлық азаматтарды төлемді уақытылы жасауға шақырамыз. Сондай-ақ бұл процесті жеңіл әрі жылдам жүзеге асыру үшін «Е-Salyq – Azamat» мобильдік қосымшасын пайдалануға кеңес береміз. Ондағы көрсетілген сомма өткен жылдың көлік құралының төленуі тиіс салық мөлшері, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы