Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген мемлекеттік стипендияларды тағайындау жөніндегі Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап бірқатар студенттердің стипендиясы артуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
педагогикалық бағыттарда және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, студенттерге – 41 898 теңге;
педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
интерндерге – 75 890 теңге;
магистранттарға – 97 024 теңге;
«Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 181 250 теңге);
докторанттарға – 217 500 теңге;
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.
Қаулы жобасы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауына ұсынылады.