Ерейментау ауданына жұмыс сапары барысында Ермек Маржықпаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жылу беру маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аудан орталығындағы бұрынғы Теміржолшылар мәдениет үйінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Аудан әкімінің орынбасары Баттал Ыбраевтің айтуынша бұл ғимаратта музыка мектебі орналасатын болады.
Мұнда балалар музыка мектебін ашуды жоспарлап отырмыз, онда домбыра, фортепиано және вокал үйірмелер болады, - деді әкімнің орынбасары.
2020 жылы біз осында келген кезде бұл клуб қираған күйде болды. Халық бізге жүгінді, біз құжаттама жасадық, қаражат бөлдік. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1 қыркүйекте музыкалық мектеп балаларды қабылдауы қажет, - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, өңір басшысы №5 "Теплосервис" ШЖҚ МКК қазандығына барып, аудан әкімінің орынбасары Саят Кенжетайдың жылу беру маусымына дайындық туралы есебін тыңдады.
2023 жылы жылу беру маусымына дайындыққа барлығы 189 млн. теңге бөлінді. Ерейментау қаласының магистральдық желілерінің жалпы ұзындығы - 24,8 км.
«Ерментау-Еркіншілік-Аршалы» облыстық маңызы бар автомобиль жолы жөндеумен қамтылды. Ерейментау және Аршалы аудандарын байланыстыратын жолды ретке келтіруді Еркіншілік ауылының тұрғындары есеп беру кездесулерінде сұрады.
Тайбай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулаторияға, ауылдық клубқа күрделі жөндеу және ұзындығы 4 шақырым кентішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, ауданы 280 шаршы метрден асатын ғимаратты ауыл клубына кәсіпкер сыйға тартты. Сондай-ақ 460 орындық жалпы білім беретін мектепті күрделі жөндеу жалғасуда.
Жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 446 тірек орнатылды, осы аптада жарықдиодты шамдарын жеткізу күтілуде.
Тайбайда жолдар жөнделді, жарықтандыру жасалды, су құбыры жөнге келтіріледі, мектеп, ФАП және клуб жөнделуде. Әлеуметтік нысандарды кешенді тәртіпке келтіреміз. Осылай жұмыс істеуіміз керек, - деп атап өтті сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы.