Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банктің баспасөз қызметі «BELKA. STRELKA», «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарын сатылымға шығатын күні анықталғанын және «MEDEÝ» коллекциялық монетасын сату форматы өзгергені туралы хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық банкі «Космос» сериясынан – «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан – «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін жариялады.
«BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығады. Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады. Сонымен қатар «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін хабарлаймыз. Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында сатылады, - делінген хабарламада.
«MEDEÝ» монеталарының сатылымға шығатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша хабарланады.