Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 наурыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.
Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
«Дустлик» этномәдени қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов мерекені қалай атап өтетінін айтты.
1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні меркеленеді. Бұл мереке барлық этнос өкілдерін, қазақстандықтардың басын топтастырушы мейрам. Сонымен бірге оларды достыққа, бейбітшілікке шақыратын мереке деп есептейміз. Біз - Қазақстан өзбектері «Дослик» қауымдастығы республиканың барлық орталықтарының төрағаларына тапсырма бердік. Алғыс айту күні қазақ бауырларымен бірге шүкір аналық күнін өткізу, осы елде өмір сруп жатқанымызға шүкіршілік ету. Еліміз бен халқымыздың аманшылығына, бейбітшілік пен келісімде болған жақсы ниеттерімізді айтуды мақсат қойды, - деді ол.
Икрам Хажимжанов атап өткендей, Шымкент қаласы өзбек этномәдени орталығы үлкен дастархан жайып, 150-ден астам адамнан тұратын этнос өкілдеріне ілтипат білдірмек.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен елорда мен Алматы қаласында, аудан, ауылдарында осындай шаралар өтеді. Бұл мейрам көпұлтты елдердің басын бір дастархан басында біріктірмек. Іс-шараларға қаладағы белгілі әнілер мен домбырашылар қатысады. Дастархан басында қазақтың достыққа, имандылыққа, бірлікке шақыратын әндерін айтуды жоспарлап отырмыз, - деді Хажимжанов.
Ол Алғыс айту күніне орай ізгі ілтипатын да білдірді.
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Көпұлтты Қазақстан гүлдене берсін. Халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, экономикамыз көркейе берсін. Біз елдегі бейбітшілік үшін, елдегі тыныштық үшін күш-жігерімізді аямай еңбек етеміз. Себебіп бір – болашақта келесі ұрпаққа жақсы мемлекет қалдыру. Көпұлтты қазақстандықтар бір ұлттай жұмылып, елдегі тыныштықты көздің қарашығындай сақтап, келесі ұрпаққа табыс етеміз деп үміттенемін, - деді ол.
«Радима» Беларусь мәдени орталығының төрағасы Дмитрий Останькович
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі ретінде айтарым, Алғыс айту күні – елімізде жүргізіліп жатқан бейбітшілік пен келісім саясатының символы. ҚХА белсенді жұмысының арқасында бізде әртүрлі этностар татулық пен бірлікте өмір сүріп, бір-бірін құрметтейтін және тең құқықтарға ие бірегей қазақ қоғамы қалыптасты, - деді ол.
Дмитрий Останькович атап өткендей, Алғыс айту күні саяси қуғын-сүргін мен халықтарды депортациялаудың қиын жылдарында қазақтардың әртүрлі этнос өкілдерін өз жерінде қалай қабылдағаны есімізде.
Бұл сұмдықты басынан өткерген әрбір адам қазақтың мейірімін, қамқорлығын еске алып, бағалайды.Барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі жолында бейбітшілік, мейірімділік, бірлік пен келісім тілеймін, - деді ол.
Өз кезегінде ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Жастар ассамблеясы» ҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаевтың айтуынша, биыл бұл мереке ерекше мәнге ие болды.
Жыл сайын Алғыс айту күні жаңа мағына мен жаңа дәстүрлерге ие болады. Биыл біз оны жаңаша атап өтеміз. Бұл күні айналамыздағы адамдарға алғыс айтамыз. Бірнеше жыл бойы коронавирус инфекциясымен күресіп келе жатқан дәрігерлерге алғыс айтамыз, қаңтар айындағы қайғылы оқиға кезінде мемлекеттігімізді қорғаған тәртіп сақшылары мен әскерилерге алғыс айтамыз, игі істердің бар екенін күн сайын дәлелдеп жүрген еріктілерге алғыс айтамыз. Әрине, бұл күні біз ең алдымен ата-анамызға, туған-туыстарымызға, достарымызға, жанымызға жақын жандарға алғыс айтуымыз керек, - дейді Жұмырбаев.
Ол атағандай, 1 наурызды Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні екенін деп айту керек.
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жаңа ұрпақ өсіп-жетілді. Ассамблеяның бастауында тұрған алғашқы этномәдени орталықтардың негізін қалаушылардың басым бөлігі тоталитарлық режимнің қасіретті оқиғаларының нәтижесінде Қазақстанға келіп, екінші Отанын осы жерден тапқан болса. Бірақ қазақстандықтардың қазіргі ұрпағы үшін бірінші немесе екінші Отаны жоқ, біз үшін ол жалғыз – бұл Қазақстан. Ендеше, бұл күні біз осы елдің азаматы, еліміздің болашағы үшін жауапты тұлғалар ретінде елімізге алғыс айтуымыз керек, - деді ол.
Тимур Жұмырбаев ең алдымен қазақ халқына алғыс айтатынын жеткізді.
Бұл күні біз қиын-қыстау заманда мыңдаған жер аударылғандардың жанына жылу сыйлап, оларға достарханының жомарттығын, жүрек жылуын бөліскен адам жанының, қазақ халқының ерлігін еске аламыз: осының арқасында жаңа ұрпақтар өмірге келді. Тәуелсіз елде дүниеге келгендер мүмкін болды. Ал бүгін біз бәріміз Қазақстанның тең азаматтарымыз, мемлекетімізді дамытуға, Жаңа Қазақстан мен әділетті қоғам құруға күш салуымыз керек. Еліміздің түкпір-түкпірінде «Ассамблея жастары» жастар ұйымының белсенділері күні-түні жұмыс орнында жүрген азаматтарға көңіл бөлуде. Бірқатар өңірлерде жастарымыз дәрігерлерді мерекелерімен құттықтаса, жігіттер жылы лебіздерін білдіріп, коммуналдық сала қызметкерлеріне алғыстарын білдіруде. Осы сәтті пайдалана отырып, жастар қауымын жүйелі түрде дамытып, мүмкіндігіне қарай жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде нақты істерді атқарып келе жатқан ұжымға алғысымды айтқым келеді, - деді ол.