1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгiн, 08:55
702
Бөлісу:
1 наурыз – Алғыс айту күні
Фото: baq.kz

Бүгін – алғыс айту күні. 2016 жылдың 14 қаңтарында 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды.

Алғыс айту – асыл қасиет. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Осы күні адам баласы шынайы ниетпен бір-біріне ізгі тілегін арнайды.

Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі, - деген Президент өз сөзінде.

Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі.

Кең пейілді халқымыз қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып, шүкір етіп отырған.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр күнге айтар алғысымыз көп болғай!

Өзгелердің жаңалығы