Өзбекстанмен жаңа бағыт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстаннан халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жетті.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Осылайша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы биылғы жылдың 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағында орындалады.
Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Осылайша, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.