Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары біршама өсетін болады.
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан айлық есептік көрсеткіш көлемі 2917 теңге болып белгіленді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» және «Білім туралы» заңдарында көзделген нормаларға сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары төмендегідей өседі:
|
Дәреже
|
АЕК мөлшері
|
2021 жыл
|
2020 жыл
|
|
Қаңтар
2 917 теңге
|
Сәуір
2 778 теңге
|
Қаңтар
2 651 теңге
|
|
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр
|
10
|
29 170
|
27 780
|
26 510
|
|
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор
|
17
|
49 589
|
47 226
|
45 067
|
|
Ғылым кандидаты
|
|
Ғылым докторы
|
34
|
99 178
|
94 452
|
90 134
|