Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 млн 198,7 мың қазақстандық 42 500 теңгелік біржолғы төлемді алды. Оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы берілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
6 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 467 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 198,7 мың қазақстандық алды, оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.2 млн 467 мың өтінімнің ішінде:
– 835,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
- 627,2 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;
– 365 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 639,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 835,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 220,9 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 410,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 235,8 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 198,7 мың қазақстандыққа аударылды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.