Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде жеке тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.