"Еңбек" бағдарламасымен 27 мың адам жұмысқа орналасты

7 Желтоқсан 2019, 09:16
3711
Бөлісу:
"Еңбек" бағдарламасымен 27 мың адам жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында "Еңбек" бағдарламасымен 36 мыңға жуық адам қамтылып, 27 мың адам жұмысқа орналасты, деп хабарлады "ZhambylNews".

18 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмекпен 35 мың отбасы қамтылды. Облыс тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында пилоттық жоба басталды. Ол үшін әр ауданнан бір ауылдық округ алынды.
Жобамен 8564 отбасы немесе 48 мың адам қамталғалы отыр. Ол үшін республикадан 7,2 млрд теңге несие ретінде бөлінді. Несие 2,5%-бен беріледі.
Әлеуметтік салада 1 қаңтардан бастап жалақысы 25 АЕК-тен (63 мың теңгеден) төмен 93 мың қызметкердің салықтық жүктемесі 10%-дан 1%-ға төмендетілді, - делінген ақпаратта.

Ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге өсіп, бюджеттік мекемелердегі 40 мың қызметкердің және 8555 жеке сектордағы 75 мыңға жуық жұмыскердің жалақысы (38,9 мың теңгеден 50,1 мыңға 28,8%-ға) артты.

Осы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға "Дипломмен ауылға" жобасы аясында қолдау көрсетіліп, 666 маманға 127 млн теңге көтерме жәрдемақы, 256 маманға тұрғын үй сатып алуға 970 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%.

Соңғы екі жылда жан басына шаққандағы халықтың орташа табысы 55 мың теңгеден 71 мыңға өссе, орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден 128 мыңға артты.



Өзгелердің жаңалығы