Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті

27 Мамыр 2019, 13:30
3120
Бөлісу:
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында. 

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің алдағы отырысының күн тәртібі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев одаққа мүше елдердің көпқырлы өзара іс-қимылдарын тереңдету қажеттігіне назар аударды. 

Өзгелердің жаңалығы