"Қазпошта" Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы басшысы сотталды

6 Ақпан 2020, 10:34
1355
Бөлісу:
"Қазпошта" Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы басшысы сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры Б.Б.Пірәліге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын.
Ол "Қазпошта" АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Б.Б.Пірәлі қомақты мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы