Құс тұмауынан қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді

8 Қазан 2020, 04:44
1193
Бөлісу:
Құс тұмауынан қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді, деп хабарлады Аtameken Business.

Арнайы комиссия шешімімен әр тауыққа тұқымына қарай 944 теңгеден 1346 теңгеге дейін беріледі.

Қаз өсірушілерге әр бас үшін мемлекет 5321 теңге төлейді. Ең бағалысы күркетауықты кәсіп еткендер 7 жарым мың теңгеден алады. Жалпы елдің солтүстік өңірінде 200 мыңнан аса құс қырылған. Олардың басым бөлігі Бескөл ауылына қарасты екі шағын ауданда тіркелді. Қазір мұнда орналасқан ірі фабрикада бірде-бір құс қалмады. Қауіпті аурудан оның 250 мыңы жойылды. Тұмау өңірдегі 55 елді мекенге тарап, тіпті, Петропавлға дейін жеткен.

Қазір аймақтағы үй құстары түгелдей тексеруге алынуда. Бұл аталмыш аурудың қайта өршімесі үшін жасалған мәжбүрлі шара, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы