Құрбан айт күндері Ақтөбедегі мал базары жабық болады

28 Шілде 2020, 00:22
2889
Бөлісу:
Құрбан айт күндері Ақтөбедегі мал базары жабық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрбан айт күні Ақтөбеде мал базары жұмыс істемейді. Бірақ құрбан шалу онлайн ұйымдастырылады.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Нұрсұлу Беркімбаева Құрбан айт мерекесі қарсаңында осындай қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес көпшілік, мерекелік және отбасылық іс-шараларды, оның ішінде үй жағдайында адамдар көп жиналатын басқосуды өткізуге тыйым салынды. Сонымен бірге, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында мал базары жұмыс істемейді.
Мал сою орындарын анықтау және құрбан шалу рәсімдері онлайн форматта ұйымдастырылады. Мал союды тек тапсырыс және жеткізу арқылы ветеринарлық сертификат болған жағдайда, келушілерсіз жүргізіледі. Мал сою цехтарының барлық персоналын термометрия жүргізу үшін медицина қызметкерін тартуды және нәтижелерін журналға енгізуді тапсырамын. Жедел респираторлық вирустық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы ауру белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу қажет, – деп жазылған қаулыда.
Мал сою цехтарында дезинфекциялық жұмыс күшейеді. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы, мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары талаптардың орындалуына жауапты. Сонымен бірге, облыстық Полиция департаменті бөгде адамның цех ішіне кірмеуін бақылайды.


Өзгелердің жаңалығы