Құрбан айтқа демалыс беріле ме?

8 Тамыз 2019, 16:28
5449
Бөлісу:
Құрбан айтқа демалыс беріле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтардың Құрбан айт мерекесіндегі демалыс күндеріне қатысты пікір білдірді.

"«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады", - делінген хабарламада. 

Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні - демалыс күні. Биыл ол жексенбі 11 тамызға келіп тұр. 

"Алайда, Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормалары қолданылмайды. Яғни, егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды", - деп жазған.


Өзгелердің жаңалығы