Есірткі өсіргендер ұсталды

8 Маусым 2020, 14:17
1654
Бөлісу:
Есірткі өсіргендер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шараларының барысында құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді "гидропоника" әдісімен заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар Павлодар қаласы тұрғынын ұстады.

2020 жылғы 25 мамырда есірткі зертханасының тиісті жабдығымен жабдықталған жалға алынған гаражды тінту барысында "голландтық" және "мексикалық" элиталық сорттарының 28 түбі (нарықтық құны шамамен 14 млн теңге), сондай-ақ сату үшін дайындалған есірткі өнімі табылды.

Осы факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" деген 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Алынған заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


Өзгелердің жаңалығы