ҚХА-ның XXVII сессиясы тарихи мәнге ие – Рамиль Смаилов

18 Сәуір 2019, 17:30
2753
Бөлісу:
ҚХА-ның XXVII сессиясы тарихи мәнге ие – Рамиль Смаилов
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді. Қазіргі уақытта айтулы шараға қатысуға өңірлерден делегаттар дайындық үстінде. 

Елорданың Бейбітшілік пен келісім сарайында өтетін сессия жұмысына Ертіс өңірінің атынан 50-ден астам делегат қатыспақ. Павлодар облысының делегация құрамында жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар белсендісі Рамиль Смаилов та бар.

Рамиль Смаилов бүгінде өңірдегі Ассамблея өкілдігі жанындағы жастар бірлестіктері үйлестіру кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

Сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік ассамблеясына жетекшілік етуде. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы тарихи оқиға болмақ, себебі кезектен тыс президент сайлауының алдында өтеді. Оған қоса, 2019 жыл Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен Жастар жылы болып жарияланды. Сондықтан, биылғы жылы аудан-ауыл жастарының қоғамдық белсенділігіне басымдық беріліп отыр. Қуантарлығы, биылғы жылы облыстың әр ауданында ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» респубикалық жастар қоғамдық ұйымының штабтары жасақталады. Бірлестіктердің белсенді мүшелері сессияға қатысу мүмкіндігіне ие болмақ», - деді Рамиль Смаилов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Павлодар облысында 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Он жыл бұрын ашылған «Достық» үйінде 30-ға жуық этномәдени бірлестік жайғасқан. Өзге ұлт өкілдері туған тілдерін, салт-дәстүрлерін дамытып, жастар арасында кеңінен насихаттау мүмкіндігіне ие. 


Өзгелердің жаңалығы