"Өнерлі өрен" онлайн байқауының кезекті жеңімпаздары марапатталды

26 Сәуір 2020, 09:25
1983
Бөлісу:
"Өнерлі өрен" онлайн байқауының кезекті жеңімпаздары марапатталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Өнерлі өрен" онлайн байқауының кезекті жеңімпаздары белгілі болды, деп хабардайды министрліктің баспасөз қызметі.

Көркемсөз оқу жанры бойынша кіші топтағы дарынды балалардың өнеріне ақын, аудармашы, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Танакөз Толқынқызы қазылық етті.

Сонымен, "Өнерлі өрен" байқауының "Көркемсөз оқу" жанры,(кіші топ, алғашқы ондықтың) жеңімпаздар тізімі:

Бас жүлде: Абат ƏБДІҚАДІР (қазылар алқасының шешімі бойынша)

Бірінші орын: Сара ЕСҚАЗЫ (әлеуметтік желіде 95 лайк)

Екінші орын: Дінмұхаммед ƏДІЛ (әлеуметтік желіде 76 лайк)

Үшінші орын: Бекет СЕЙДОМАР (әлеуметтік желіде 72 лайк) және Ару ДУЙШОНАЛИЕВА (әлеуметтік желіде 72 лайк)

Бұл топта Дəулет ҚАЙРАТҰЛЫ, Еңілік ЖАҢАБЕК , Нұрислам НҰРҚОЙШЫ , Əмина ҚАНАТ, Аслан Айтқалиев өнер көрсетті.

Марапаттау қағазы электрондық адреске жіберіледі.

Бұған дейін "Өнерлі өрен" онлайн байқауының аспапта ойнау жанры бойынша орта топтағы талантты балалардың алғашқы жеңімпаздары анықталған болатын.


Өзгелердің жаңалығы