Құндыз жануарынан да коронавирус анықталды

28 Сәуір 2020, 11:42
3480
Бөлісу:
Құндыз жануарынан да коронавирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Нидерландыда құндыз өсірумен айналысатын екі фермада жануарлардан коронавирус анықталған. Бұл туралы DutchNews.nl хабарлады.

Басылымның жазуынша, жануарлардың асқорыту және тыныс алу жүйесінде проблема болған. Алдын ала болжам бойынша құндыздар коронавирусты жұмысшылардан жұқтыруы мүмкін.

Вирусты таратпас үшін фермадан жануарлар мен көңді шығаруға тыйым салынған. Аталған фермада 20 мыңға жуық құндыз бар.

Нидерландыда коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 38 мыңнан асады, мерт болғандар саны 5 мыңға жуық.
Өзгелердің жаңалығы