Ұлттық архивте Тұңғыш президент күніне арналған құжаттық көрме ашылды

27 Қараша 2019, 18:01
4386
Бөлісу:
Ұлттық архивте Тұңғыш президент күніне арналған құжаттық көрме ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР президенті архиві және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, Тұңғыш президент күніне орай "Елін сүйген Елбасы" атты құжаттық көрмесін өткізді.

Көрмеде ҚР Ұлттық архиві және ҚР президенті архивінің қорынан ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізуі және дамуы жолындағы құжаттары мен жазған кітаптары және президент туралы жазған авторлардың кітаптары ұсынылады.

Елбасы елін сүйген ер ғана емес, елі сүйген ер. Елі асылды танып, сан рет сайлауда сенім мен қолдау көрсетті. Сондықтан осы күнге жақсы жетіп отырмыз. Елбасының халық үшін, мемлекет жасаған ұлы істерін әлі де тарих айтатын болады, - деді ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары Жангелді Махашов.
ская.JPG

Шараның басты мақсаты – "Мәңгілік ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында қазақстандық құндылықтарды көрсету, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуында президенттің рөлін көрсету және де жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды, - делінген ақпаратта.
ская1.JPG

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

Өзгелердің жаңалығы