Кардиологиялық препараттың квотасы туралы ақпарат – жалған

8 Тамыз 2019, 16:03
2264
Бөлісу:
Кардиологиялық препараттың квотасы туралы ақпарат – жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кейбір веб-сайттарда және интернет-порталдарда таратылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің гипертонияны емдеу үшін жеңілдікпен берілетін препаратты тарату үшін Қазақстанның 30 жастан асқан барлық азаматына квота бөлуге міндеттейтін үшінші оқылымда заңды қабылдау туралы ақпарат жалған және шындыққа жанаспайды. 

Бұл ақпарат белгісіз дерек көзі және жалған болып саналады

Ақпаратта «Кардитонус» препараты туралы мәлімет бар екенін атап өтеміз. Осылайша, материал осы препаратты кеңінен жарнамалау ойымен дайындалған деп пайымдаймыз. Бұл препараттың жарнамасына Денсаулық сақтау министрлігінің де, министр Елжан Біртановтың да ешқандай қатысы жоқ. Тиісінше, материалда көрсетілген барлық мәліметтер мен Министрдің дәйексөздері – жалған. Ведомство басшысы мұндай түсініктеме берген жоқ.

Өз кезегінде ведомство халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын еске саламыз. Клиникалық тиімділігі дәлелденген барлық дәрілер Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген, ол http://www.knf.kz/index.php/kz/ сілтемесі бойынша қолжетімді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметіне қатысты барлық нақты және жедел ақпарат, оның ішінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс бөлігінде http://dsm.gov.kz/ru ресми веб-сайтта орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы