Өңделген өнім экспорты 0,89% ғана артты

16 Сәуір 2019, 11:38
2398
Бөлісу:
Өңделген өнім экспорты 0,89% ғана артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдан бастап ҚазақЭкспорт қызметтерді экспорттауды ынталандыру бойынша жұмысты қолға алды. Бұл туралы Үкімет отырысында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты. 

"ҚазақЭкспорттың қолдауымен отандық компаниялар Грузияға автомобиль жолдарын салу мысал бола алатын құрылыс қызметтерінің халықаралық нарығына шыға бастады. Словакияда темір жол салу тендеріне табысты қатысуда. 2018 жылғы желтоқсанда отандық компания («AAEngineering» ЖШС) ҚДБ және ҚазақЭкспорттың қолдауымен Қырғызстандағы ірі кең орнының бірінде алтын өңдеу зауытын салуға келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт сомасы 107 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі уақытта пайплайнда 100 млрд теңгеден астам сомаға қызметтерді экспорттау, бұрғылау қондырғыларын жобалау, инженерлік-технологиялық сүйемелдеу, Өзбекстан (Базис А - 78 млрд теңге), Қырғызстан (ААЕ - 7 млрд теңге), Ресей (Омас интегрейтед ЖШС - 7 млрд теңге сомасына ИТС) сияқты елдердегі құрылыстар бойынша жобалар бар", - деді басқарма төрағасы. 

Жалпы, өңделген өнім экспортының көлемі 2018 жылы 15  570 млн АҚШ долларынан 15 709 млн АҚШ долларына дейін 0,89%-ға артты. Мұндай аз  ғана өсім түсті металлургия экспортының 1 млрд АҚШ долларына төмендеуіне негізделген, бұл әлемдік биржаларда металл бағасының құлдырауына байланысты болды.

"Металл экспортының төмендеуі негізінен теміржол машиналарын жасау (1,4 есе), құрылыс материалдары (+ 23,4%), электротехникалық машина жасау (+13,4%), химия (+10,6%) және азық-түлік өнеркәсібі (+ 7,3%) салаларындағы экспорттың өсуімен өтемделген", - деді Айдар Әріпханов. 

«Бәйтерек» холдингі ұсынған экспорттаушыларды қолдау шаралары келесі сегменттерде экспорттың өсуіне айтарлықтай әсерін тигізді:

- АРАЗ (рельс-арқалық өнімдері) және Проммашкомплект (дөңгелектер жиынтығы) көрсеткен қолдау шаралары есебінен теміржол машиналарын жасау өнімдерін экспорттау 139%-ға.

- Қайнар АКБ (аккумуляторлық батареялар), KTЗ және УТЗ (трансформаторлар), KЭMOНT (орташа және төмен кернеулі электр жабдығы), Karlskrona (сорғы және электротехникалық жабдықтары) қолдау есебінен электротехникалық машина жасау өнімдерін экспорттау 13,4%-ға.

- Талас (натрий цианиді), Полимер Продакшн (полимерлік өнімдер), Қазфосфат және Қазазот (минералды тыңайтқыштар) қолдаумен химия өнеркәсібінің өнімдерін экспорттау 10,6%-ға.

- Сусындар, кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, сүт өнімдерін өндіру бойынша 20-дан астам кәсіпорынды қолдау есебінен тамақ өнеркәсібі өнімдерін экспорттау 7,3%-ға.

- құбырларды экспорттау KSP Steel қолдауы есебінен 60%-ға артты.

"Осылайша, экспорттаушыларға қолдау көрсету үшін 500 млрд теңге бөлу - бұл халықаралық тауар нарықтарындағы құбылмалылыққа қарамастан, жақын арада шикізаттық емес экспорттың қарқынды өсуіне ықпал ететін уақытылы шара", - деді Айдар Әріпханов.


Өзгелердің жаңалығы