Өңдеуші кәсіпорындарға 3% жеңілдетілген мөлшермен несие беріледі – Дәленов

9 Маусым 2020, 09:45
1242
Бөлісу:
Өңдеуші кәсіпорындарға 3% жеңілдетілген мөлшермен несие беріледі – Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында экономикалық белсенділікті одан әрі қалпына келтіру мақсатында, 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды.

Кешенді жоспар қолданбалы сипаттағы нақты шараларды қамтиды. Бұл өнеркәсіпті дамыту қорын құру. өңдеуші кәсіпорындарға 3% жеңілдетілген мөлшермен кредит беру көзделіп отыр, - деді министр. 
Министр Ұлттық банк бағдарламасы мен "Бизнестің жол картасы" аясында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтіліп жатқанын айтты. 

Несиелеу рәсімдері жеңілдетіледі. Сондай-ақ "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасында бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды қарастыратын жаңа "Микрокредиттеу"  бағыты іске қосылады.Осы шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің теріс салдарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша, экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал ететін болады, - деді министр. 

Министр кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 49 заңнамалық актіге түзетулер енгізу жоспарланып отырғанынын айтты. 
Бұл 11 кодекс пен 38 заң.
Өзгелердің жаңалығы