"Абу-Даби Плаза" қашан пайдаланылуға берілетіні белгілі болды

28 Тамыз 2019, 13:47
3073
Бөлісу:
"Абу-Даби Плаза" қашан пайдаланылуға берілетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктері «Абу-Даби Плаза» кешенінің қашан пайдаланылуға берілетіні белгілі болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен хабарлады. 

Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Мадияр Меңілбеков БАӘ премьер-министрінің орынбасары, президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Кездесу барысында алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі сапарларға қатысты мәселелер талқыланды. Оның ішінде Әбу Дабиде қыркүйек айында өтетін үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізудің, сондай-ақ әріптестікті әрі қарай арттыру жолдарын іздестірудің маңыздылығы атап өтілді.

«Елші қазақстандық тараптың инвестициялар саласында өзара қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін қайта растады. Осы ретте, Атырау облысындағы полиэтилен өндіру кешені жобасының қазіргі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Абу-Даби Плаза» кешенінің Астана күнін тойлау қарсаңында ресми ашылып, қолданысқа берілуі екі ел үшін  ауқымды тарихи оқиғалардың бірі болатыны айтылды»,  - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, тараптар мәдени-гуманитарлық және білім саласындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті. Осыған орай, қазақстандық елші биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы №84 мектеп-лицейінде шейха Фатима бинт Мубарак атындағы араб тілін оқыту орталығының ашылғанына және қазақстандық үздік оқушылар үшін Әмірліктер жоғары оқу орындарында грант тағайындалғанына алғысын білдірді.


Өзгелердің жаңалығы