Бас прокуратура БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларының орындалуын талдады

15 Сәуір 2019, 09:37
1824
Бөлісу:
Бас прокуратура БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларының орындалуын талдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдар Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің терроризмге қарсы күрес жөніндегі қарарларын іске асыру бойынша қабылдап жатқан шараларына талдау жүргізді. 

Бүгінгі таңда  Қазақстан Терроризмге қарсы күрес жөніндегі 19 Конвенцияға және олардың хаттамаларына қосылып отыр. Еуропа, Азия және Америка елдерімен 60 екіжақты келісімдер жасалды. Бұған қоса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі терроризмге қарсы күрес жөнінде 41 қарар қабылдады, олар бойынша біздің елдің белгілі бір міндеттемелері бар.

Тұтастай алғанда, талдау Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларының орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын көрсетті.

Мысалы, қазақстандық прокурорлардың арыздары бойынша соттар «Талибан», «Аль-Каида», «ИГИЛ» ұйымдарын және т.б. террористік ұйымдар деп таныды, елде олардың қызметіне тыйым салынды.

Сонымен қатар, талдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларының одан әрі тиімді орындалуы жөнінде кешенді шараларды әзірлеу мәселесін қарау ұсынылды.  






Өзгелердің жаңалығы