Астана, BAQ.KZ. Ұлттық академиялық кітапханада 2019 жыл Жастар жылына орай «Қазақстанның болашағы – білімді жастар» атты жаңа жоба қолға алынды.
Аталмыш жоба ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Халқына жолдауын насихаттау мақсатында жүзеге асырылды.
Осыған орай бүгін кітапханада жобаның алғашқы жиыны болып өтті. Алғашқы қонағы – кинорежиссёр, аниматор, ҚР-ның Ұлттық Өнер университетінің аға оқытушысы Оразалы Жәнібек Нұрбекұлы болды.
Елбасының 2018 жылы халыққа арнаған Жолдауы 23-ші стратегиялық маңызы бар мемлекеттік құжат болып саналады. Кездесу барысында Ж.Нұрбекұлы мектеп оқушылары мен оқырмандармен кездесіп, қазіргі таңдағы жастардың қоғамдағы рөлі және Елбасы жолдауындағы Жастар жылының маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол елбасның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы ат ұстау мәдениетінің ерекшелігін айта келе, Ботай мәдениеті кезінде қазақ халқының алғаш рет жылқыны қолға үйрету жөнінде де әңгімелеп берді. Ел болашағы жастардың қолында екендігін айта келе, әр салада маман таңдауда кездесетін қиындықтарға мойымау керектігін жөнінде өзінің жеке тәжірибелерімен де бөлісті. Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысқан жастарға өзінің ең алғашқы анимациялық «Аңшы» фильмін көрермендер назарына ұсынды.
Сонау Қытай елінен елген Жәнібек Нұрбекұлы туған еліне арман қуып келгенін айтады. Ол қазір анимациялық фильмдердің авторы, әрі продюссері. «Astana film» жастар киностудиясының директоры. 2016-2017 ж.ж. «Қазақфильм» АҚ тапсырысы бойынша өндіріске жіберілген «Күлтегін» толық метражды анимациялық филімі сценарийінің авторы
Жәнібек Нұрбекұлы 1984 ж.ылы дүниеге келген. 2009 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Кино және ТВ» факультетінің «Анимация режисурасы» мамандығын аяқтады.
2012 жылы Астана қаласында Қазақ Ұлттық өнер универститетінің «Кино және ТВ режисурасы» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.