"Қазақфильм" кастинг жариялады

5 Желтоқсан 2019, 10:31
3193
Бөлісу:
"Қазақфильм" кастинг жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киностудия Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильміне кастинг жариялады, деп хабарлады Қазақфильмнің сайты.


Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Ақын" атты толықметражды көркем фильмді түсіруді қолға алды. Бұл киножоба ҚР мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" қолдауымен жүзеге асады. Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев, - делінген ақпаратта.

Герман Тесстің "Шығармашылық кеш" атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді.

Кастинг әр дүйсенбде "Қазақфильм" киностудиясындағы "Қадам" студиясында өтеді. Кастинг желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы