"Қайырымды қала". Шымкентте көпбалалы аналар баспаналы болды

25 Желтоқсан 2019, 17:38
3797
Бөлісу:
"Қайырымды қала". Шымкентте көпбалалы аналар баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Келесі жылы әлемдік екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы өтеді.  

Ел президенті арнайы Жарлық шығарды. Бүкіл Қазақстанда тиісті іс-шаралар өтеді. Әлемдік деңгейде де баса назар аударылмақшы. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бастамасын іске асыру мақсатында Әл-Фараби бабамыздың "Қайырымды қала тұрғындары" атты атақты еңбегіне сүйене отырып, Шымкент шаһарына "Қайырымды қала" деген балама атау ұсындым. Оны қала тұрғындары ерекше ықыласпен қолдады, - дейді Ерлан Айтаханов.

Сонымен бірге ол "Қайырымды қала" жобасына кеңірек тоқталды.
Қазіргі таңда, қалада пилоттық режимде "MEYIRIM.KZ" қайырымдылық электронды порталы жұмысын жасап келеді. Бүгінгі таңда портал арқылы 1246 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарымен көмек көрсетілді. Демеушілердің есебінен жалғыз басты және көп балалы аналарға 45 пәтер берілді, - деді әкім. 

Сонымен қатар, әкімнің сөзінше, қалада 244 қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп, 5 519 жағдайы төмен отбасыға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен көмір тағы басқада қаржылай көмектер көрсетілген.
Өзгелердің жаңалығы