«Қара бүркіт» түрмесінің басшысы қамауға алынды

28 Тамыз 2020, 11:07
2877
Бөлісу:
«Қара бүркіт» түрмесінің басшысы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Жітіқара түрмесі басшысының қамауға алынуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бірлескен операцияны Қостанай облысы полиция департаменті мен ҰҚКД қызметкерлері жүргізді. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы сотталушыға жалпы қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі «Пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген полиция аппаратында. 

Қостанай облысы Полиция департаментінің басқарма бастығы Жәнібек Қамзеновтың айтуынша, құқық қорғау органдарында заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданады. Жыл басынан бері ішкі істер саласының 21 қызметкері жұмыстан шығарылған. Тағы 23 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, лауазымынан босатылды. 

Айта кетейік, «Қара бүркіт» түрмесі Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Жеке құрамнан бөлек, түрмені ішкі әскер қызметі күзетеді.



Өзгелердің жаңалығы