Нұр-Сұлтанда АИТВ-нің алдын алу бойынша акция өтеді

17 Мамыр 2019, 13:15
1845
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда АИТВ-нің алдын алу бойынша акция өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 18 мамырда сағат 11:00-де қалалық саябақта Халықаралық «ХХ ғасырдың қасіретінен» қаза болғандарды еске алу күніне арналған кең ауқымды акция өтеді, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Акция барысында денсаулық қалашығы жұмыс істейді. Онда барлық адамдар өз қалауы бойынша АИТВ-статусын жедел түрде тексеріп, қандағы қант мөлшері мен холестерин деңгейін анықтай, қан қысымын өлшей алады. 

«Халықаралық еске алу күні – бұл бізге ешкімнің аурудан 100% сақтана алмайтындығын еске сала отырып, оны қалай болдырмау керектігін түсіндірудің мүмкіндігі. Еске алу күнінің мақсаты –  халыққа АИТВ инфекциясының алдын алу мен АИТВ-ны анықтау үшін уақытылы тексерудің маңыздылығын, АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмек алу және емдеудің мақыздылығын, олардың құқықтарын сақтау және оларды кемсітуге жол бермеу қажеттігін жеткізу», - делінген қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Акцияны АИТВ-нің алдын алу және күресу орталығымен бірлесіп, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастыруда.


Өзгелердің жаңалығы