Стенд атудан лицензиялық әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталды

1 Тамыз 2019, 07:47
1870
Бөлісу:
Стенд атудан лицензиялық әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13-23 тамыз аралығында Финляндияның Лахти қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогының кезеңі өтеді. Аталған сыннан қазақстандық спортшылар да сырт қалмайды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

«Бүгін құрама команда әлем кубогына дайындалу үшін Алматыға келді. Мұнда спортшылар оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Лахтиде өтетін бәсекеден бөлек, Олимпиада лицензиясын Дохада өтетін 14-ші Азия біріншілігінде сарапқа салады. Спортшылар жолдамаға қол жеткізу үшін аянбай тер төгуде», - дейді команда бапкері Оксана Середа.
Лахтидегі (Финляндия) әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан командасының тізімі:
Траншеялық стенд, әйелдер: М. Дмитриенко, А. Давыдова, С. Рысбекова;
Траншеялық стенд, ерлер: В. Хасянов, М. Коломоец, А.Могилевский;
Дөңгелек стенд, әйелдер: Ә. Орынбай, О. Панарина, А. Мищук;
Дөңгелек стенд, ерлер: В. Мұхамедиев, А. Мұхамедиев, А. Ещенко. 


Өзгелердің жаңалығы